Бүгінде технологиялар күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Жасанды интеллектсіз болашақты елестету де қиын. Меніңше, Қазақстан әлемдік өзгерістерді жай ғана бақылап қоймай, жаңа мүмкіндіктерді елдің дамуына тиімді пайдалануы керек. Президент цифрлық экономика мен жасанды интеллектіні енгізуді алдағы дамудың маңызды бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Бұл білім беру, бизнес, ауыл шаруашылығы және жастарды жұмыспен қамту салаларына жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, заманауи технологиялар тек үлкен қалаларда емес, ауылдық жерлерде де қолжетімді болғаны маңызды. Менің ойымша, технологияны тек күнделікті тұрмысты жеңілдету үшін емес, жаңа мүмкіндіктер мен өз кәсібімізді дамыту үшін де пайдалана білуіміз керек.
Руслан Тасыбаев
Қаратал ауданының белсендісі





