Мықты экономика өз өндірісімізді дамытудан басталады. Біз үшін тек шикізат сатумен шектелмей, дайын өнім шығару, жаңа кәсіпорындар ашу және жұмыс орындарын көбейту маңызды. Президент өз Жолдауында кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше тоқталды. Бұл әсіресе өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндігі бар өңірлер үшін өзекті. Сондай-ақ фермерлерді қолдау және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу мәселесіне назар аударылғаны қуантады. Ең бастысы, экономикалық өсім тек статистикада емес, қарапайым халықтың табысы мен тұрмыс сапасында көрініс тапса екен.
Айдын Жүнісов
Көксу ауданының Мансап орталығының директоры





