Жобаның негізгі көрсеткіштері:
-
Жалпы ауданы: 3 300 шаршы метр;
-
Жобалық қуаттылығы: тәулігіне 80 адамға дейін;
-
Спорт бағыттары: бокс, күрес, баскетбол, волейбол, теннис, бадминтон және гандбол залдары;
-
Мүмкіндіктері: оқу-жаттығу жиындарын, түрлі деңгейдегі жарыстар мен сауықтыру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы аймақтар.
Жоба «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен іске асуда.
Кешен құрылысында балалар мен жастарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға баса мән берілген. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін Үштөбе тұрғындары туған қаласында сүйікті спорт түрлерімен айналыса алады. Бұл бастама Қаратал ауданының спорт инфрақұрылымын нығайтып, өңірде бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.





