ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы маңызды көлік дәліздерінің бірі саналатын «Жібек жолы» және «Гишт-Куприк» автомобиль өткізу пункттері жаңғыртудан кейін қайта жұмыс істей бастады. Нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев пен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров қатысты.

Қазақстан Қаржы министрлігінің мәліметінше, шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін Өзбекстан, Қытай және Түрікменстанмен шекаралас аумақтардағы 9 автомобиль өткізу пункті жөнделіп, пайдалануға берілген.

Биылғы жылдың алғашқы 10 айында мемлекеттік шекарадан өткен автокөліктер саны 25 пайызға артып, 2 миллионға жеткен. Сонымен қатар елдегі кедендік төлемдер мен салық түсімдері 4,3 триллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға өскен.

Жаңғыртылған «Жібек жолы» өткізу пунктінің маңызы жолаушылар ағынының көлемінен де байқалады. Мәселен, 2024 жылы бұл бағыт арқылы 11 миллионнан астам адам өткен. Нысан жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған кезде жолаушылар басқа бағыттарды пайдалануға мәжбүр болып, көршілес өткізу пункттеріне түсетін жүктеме артқан еді. Енді оның қайта ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынасты бұрынғы қарқынына келтіруге мүмкіндік береді.

Жоба аясында ескі инфрақұрылымның орнына жалпы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық екі заманауи жолаушылар терминалы салынды. Оның бірі Қазақстанға кіретін азаматтарға, екіншісі елден шығатын жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған. Бұдан бөлек, көлік құралдарын тексеруге арналған 6 мың шаршы метрлік ортақ жабық алаң қарастырылған.

Өткізу пунктінің кіреберісіндегі автокөлік жолақтарының саны екіден алтыға дейін көбейтілді. Сондай-ақ жолаушылар мен көлік ағындары бөлек ұйымдастырылып, шекарадан өту үдерісін жеделдетуге жағдай жасалды.

Жаңартылған кешен қарбалас кезеңде тәулігіне 100 мыңға дейін адамды қабылдай алады. Терминалдарда паспорттық бақылауға арналған 82 кабина және 20 автоматтандырылған Q-gate жүйесі орнатылған. Бұл технологиялар бақылау рәсімдерінің бір бөлігін электронды форматта өткізуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кедендік бақылау аймағы да заманауи жабдықтармен толықтырылды. Атап айтқанда, рентген аппараттары, жолаушыларды сканерлеу құрылғылары, радиациялық бақылау жабдықтары және автобустар мен жеңіл көліктерді тексеруге арналған инспекциялық кешендер іске қосылды.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде «Жібек жолы» өткізу пунктінің туристік және транзиттік әлеуеті де арта түспек. Жеке жолаушыларға, жеңіл автокөліктерге және автобустарға қызмет көрсетуге қажетті жағдай жасалған. Бұл екі ел арасындағы туристік бағыттарды кеңейтіп, автобус турларын дамытуға және халықаралық жолаушылар тасымалын жандандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа инфрақұрылым отбасылық сапарлар, білім беру, іскерлік кездесулер мен мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына оң ықпал етпек. Туристік компаниялар мен тасымалдаушылар үшін де Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынасты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Салтанатты рәсімде Мәди Такиев екі өткізу пунктінің бірлесіп ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту бағытындағы саясатының жалғасы екенін атап өтті.

Жалпы, «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттерінің жаңартылып, қайта іске қосылуы екі ел арасындағы көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, сауда-экономикалық, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына тың серпін бермек.

Ашылу салтанатына Қазақстан тарапынан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов және ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов та қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі