Баланың болашағына салынған инвестиция ешқашан артық болмайды. Бүгінгі оқушы — ертеңгі маман, кәсіпкер, ғалым немесе ел дамуына үлес қосатын азамат. Сондықтан білім беру саласындағы әрбір шешімнің маңызы зор. Жолдауда жаңа тарихи кезеңдегі ел дамуының міндеттерімен қатар, адам капиталы мен келешек ұрпақтың мүмкіндіктеріне де назар аударылады. Қазіргі балаларға тек білім беріп қана қоймай, өзгермелі заманға бейімделуге қажетті дағдыларды қалыптастыру маңызды. Менің ойымша, елдің шынайы жетістігі білімді, жауапты және өз болашағына сенімді ұрпақпен өлшенеді.
Жомарт Игіман
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты





