Қалалық жолаушылар тасымалдаушы ұйымдардың бастамасымен автобустар 06:00-ден 22:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді. 30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Сонымен қатар, саяжай тұрғындары мен шалғай шағын аудандардағы тұрғындардың сайлау учаскелеріне қатынауы үшін 9 арнайы автобус ұйымдастырылады.
Арнайы автобустар қатынайтын сайлау учаскелері:
— №393 – Жетісу шағын ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназия – 2 автобус;
— №418 – Макаренко атындағы №6 орта мектеп – 1 автобус;
— №418 – Көктал тұрғын алабы, Е. Берліқожанов атындағы №10 орта мектеп – 3 автобус;
— №433 – Еркін ауылы, №26 орта мектеп – 1 автобус;
— №463 – Ынтымақ ауылы, №30 орта мектеп – 1 автобус;
— №468 – Көктем шағын ауданы, Балалар өнер мектебі – 1 автобус.





