Байрақты бәсекеде Жетісу облысының намысын қорғаған Нұрислам Русланұлы сәтті өнер көрсетіп, бірден екі бағыт бойынша жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша спортшының қол жеткізген нәтижелері төмендегідей:
-
Жұптық разряд: Нұрислам Русланұлы мен Әміржан Құдайбергенов қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың І орнын иеленді;
-
Жекелей разряд: Нұрислам Русланұлы ІІІ орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы халықаралық додаларда сәттілік тілейміз!
Фото авторы: Жетісу облысының спорт басқармасы





