Мемлекет басшысының Жолдауында Тәуелсіздіктің келесі мерейлі белесіне нақты нәтижемен жету үшін алдағы мақсат-міндеттерді айқындауға ерекше басымдық беріліп, осы орайда Президент Әкімшілігі мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне ғылыми-зерттеу орталықтарын, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен депутаттарды тарта отырып, бір жыл ішінде еліміздің ұзақмерзімді дамуының кешенді бағдарын әзірлеу тапсырылды. Алайда бұл ауқымды жұмысты ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі реформалаудан бастау қажет, себебі Конституция заңды күшіне еніп, саяси жүйе толық жаңғырғаннан кейін мемлекеттік мекемелер алдындағы міндеттер де күрделене түсті. Сондықтан Жолдау аясында тұтас мемлекеттік аппарат пен әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттырып, Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару құрылымын қайта қарау кезек күттірмейтін басты міндет ретінде белгіленді.
Адмас Тұрсынғали





