ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Экономика

Қысым азайса — даму артады: Жолдаудағы бизнесті қорғау бастамалары туралы

2027 жылдан бастап бизнеске тағы 3 жылдық мораторий жариялана ма? Жолдаудағы басты жаңалықтар

23 қараша, 2026
Қысым азайса — даму артады: Жолдаудағы бизнесті қорғау бастамалары туралы
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Жолдауында көтерілген бастамалар – бүгінгі бизнес қауымдастықтың көкейінде жүрген ең өзекті түйткілдердің нақты көрінісі. Шыны керек, ресми түрде мемлекеттік бақылау еркін делінгенімен, кәсіпкерлердің күнделікті жұмысына айыппұлдар, жоспардан тыс тексерістер және шотты лезде бұғаттайтын камералдық бақылаулар айтарлықтай салмақ салуда. Бір қарағанда парадокс: бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлердің заң бұзушылығы 34 пайызға азайған, бірақ салынған айыппұл көлемі 11 пайызға өсіп, жоспардан тыс тексерістер ондаған есе артқан. Бизнеске жасалатын ең үлкен көмек – оған кедергі келтірмеу. Сондықтан 2020–2023 жылдардағы оң тәжірибені ескере отырып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске жаңа үш жылдық мораторий жариялау туралы ұсыныс өте дер кезінде айтылды. Бірақ бұл жай ғана тексерісті тоқтату емес, мемлекеттік бақылауды толық цифрлық форматқа көшіруге арналған стратегиялық үзіліс болуы тиіс. Бұдан бөлек, экономикалық баптар бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауды тоқтатып, заңнаманы ізгілендіру кезек күттірмейді. Ең бастысы – ішкі нарықта әділ ойын ережесі орнауы керек. Қазір импорттық тауарлардың құны қолдан төмендетіліп, ал өзіміздің отандық азық-түлік өндірушілердің нарыққа жолы әдейі бөгеліп отырғаны жасырын емес. Бұл – таза жемқорлық және отандық бизнесті әлсірету. Осындай қитұрқы әрекеттерге тосқауыл қойылып, бизнеске еркін тыныс берілгенде ғана экономикамыз нақты серпін алады.

Арнай Байжұрынов

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі