Кездесу барысында табиғи аумақты кешенді абаттандыру, заманауи демалыс инфрақұрылымын қалыптастыру және қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай жасау бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Жобаның басты мақсаты — Текелі қаласының туристік әлеуетін арттыру, табиғи көрікті орындарды сақтай отырып дамыту және қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын құру.
Қаланы абаттандыру мен туризм саласын ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.





