Экологиялық шара барысында қала аумағына барлығы 150 түп көшет отырғызылды:
-
100 түп жапырақты ағаш;
-
50 түп қылқанжапырақты ағаш.
Абаттандыру жұмыстарына 40-қа жуық тұрғын белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек қорын молайту және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыру.
Текелі қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.





