ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Аймақтар

Бейбіт Исабаев: «Талдықорғанның сәулеттік келбетін жаңартуды кешенді түрде қарастырамыз»

Жетісу облысының орталығы — Талдықорған қаласының сәулеттік-көркемдік келбетін жақсарту жобасы жүйелі түрде жалғасуда. Облыс құрылғаннан бері шаһарда 130 аула күрделі жөндеуден өтіп, 113 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және 44 үйдің қасбеті жаңартылды. Қаладағы абаттандыру жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарлармен облыс әкімі Бейбіт Исабаев аралау кезінде танысты.

20 қараша, 2026
Бейбіт Исабаев: «Талдықорғанның сәулеттік келбетін жаңартуды кешенді түрде қарастырамыз»
WhatsAppTelegramFacebook

Атап айтқанда, биыл І. Жансүгіров көшесінің бойындағы 24 көпқабатты үйдің қасбеті мен 7 үйдің шатыры жөнделді. Келесі кезеңде Н. Назарбаев даңғылындағы көппәтерлі үйлер сәулеттік-көркемдік тұрғыда безендіріліп, шатырлары жаңартылмақ.

«Талдықорғанның үш негізгі магистральды көшесі бар — Қабанбай батыр, Жансүгіров көшелері және Назарбаев даңғылы. Биыл Жансүгіров көшесін кешенді түрде абаттандырдық: алдымен магистральды жылу желісін реконструкцияладық, содан кейін асфальт төселді, үйлердің қасбеттері мен шатырлары жөнделді. Келесі жылы Назарбаев даңғылын жаңартуға кірісеміз. Қасбеттерді жөндеудің бірыңғай тәсілі бекітілді: бес қабатқа дейінгі үйлер қапталады, ал бес қабаттан жоғары ғимараттар сапалы, суға төзімді материалдармен боялады. Жалпы, 36 үйдің қасбеті мен 13 үйдің шатыры жөнделеді», — деді Бейбіт Исабаев.

Үйлерді жаңғыртумен қатар жол инфрақұрылымын жөндеу де жоспарланған. Келесі жылы Назарбаев даңғылының орталық алаңнан айналма жолға дейінгі бөлігі, сондай-ақ Жансүгіров көшесінің Гагарин көшесінен айналма жолға дейінгі аралығы және көпірге дейінгі қалған бөлігі асфальтталады. Ал Қабанбай батыр көшесі былтыр жөнделген болатын.

«Осылайша, жүйелі жұмыс нәтижесінде қаланың үш басты көшесін кезең-кезеңімен бірыңғай сәулеттік стильге келтіреміз. Бұл жолдар мен тұрғын үй қорын жақсартып қана қоймай, Талдықорғанның орталық бөлігіне заманауи, жинақы келбет береді», — деп атап өтті өңір басшысы.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі қала басшылығына сәулеттік келбетті кешенді жаңарту жұмыстарын сапалы жалғастыруды тапсырды.

Фото: Дмитрий Ерофеев

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі