Текеліде туризм саласын дамыту және демалыс инфрақұрылымын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Серкесай» экопаркі. Нысан қаланың тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа демалыс орны ретінде қалыптасып келеді.
Қыркүйекте экопарктің алғашқы кезеңі пайдалануға берілді. Қазір оның екінші кезеңіне арналған эскиздік жоба әзірленуде. Алдағы уақытта аумақты абаттандырып, демалыс инфрақұрылымын кеңейту көзделген.
Жалпы, бүгінде Текеліде 25 туристік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы қалаға 19,8 мың турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 24 мыңнан асты.





