ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Денсаулық

Жетісуда инсультті диагностикалауда жасанды интеллект жүйесі қолданылуда

12 қараша, 2026
Жетісуда инсультті диагностикалауда жасанды интеллект жүйесі қолданылуда
WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылдың маусым айынан бастап Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Cerebra бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі толық іске қосылды. Бұл технология ми қан айналымының жіті бұзылуы кезінде диагнозды жедел қоюға және емдеу шараларын дұрыс жоспарлауға бағытталған.

Cerebra жүйесі компьютерлік томография кескіндерін автоматты түрде сараптап, мидағы патологиялық өзгерістерді үш өлшемді координаттар арқылы бағалайды. Бағдарлама ишемиялық инсульттің үш және геморрагиялық инсульттің бес түрін анықтауға бейімделген. Сонымен бірге зақымданған аймақтың орналасуы мен көлемін көрсетіп, дәрігерлерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде ұсынады.

Инсультті емдеуде уақыт факторы шешуші рөл атқарады. Сондықтан диагностиканы жедел жүргізу терапиялық терезені тиімді пайдалануға тікелей әсер етеді. Жүйе қорытындылары дәрігерлерге тромболитикалық терапия немесе эндоваскулярлық жолмен механикалық тромбэкстракция жасау жөнінде клиникалық шешім қабылдауға көмектеседі. Бұдан бөлек, ми тіндерінің зақымдану ауқымын, инвазивті емнің ықтимал тиімділігін және геморрагиялық асқынулар қаупін бағалауға жағдай жасайды.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – зерттеу нәтижелерін мобильді құрылғылар арқылы қашықтан қарау мүмкіндігі. Бұл инсульт командасы мүшелерінің жедел байланыс орнатуына, ақпарат алмасуына және науқасты емдеу бойынша ортақ шешімге келуіне ықпал етеді.

Жетісу облысында Cerebra жүйесін қолдану тәжірибесі 2021 жылдың желтоқсанында басталды. Алғашқы пилоттық жоба Талдықорған қаласындағы Облыстық ауруханада жүзеге асырылды. Осы кезеңнен бері аталған медициналық ұйымда бағдарламаның көмегімен бас миының компьютерлік томографиясына қатысты 10121 зерттеу өңделіп, талданған.

Жылдар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: 2021 жылы – 168 зерттеу, 2022 жылы – 3 161 зерттеу, 2023 жылы – 4 780 зерттеу,  2024 жылы – 2 012 зерттеу.

Пилоттық жобаның нәтижелері технологияны медициналық тәжірибеде кеңінен пайдалануға негіз болды.

Талдықорған қаласындағы Облыстық аурухана III деңгейдегі инсульт орталығы мәртебесіне ие. Медициналық ұйым Сарқан және Панфилов аудандарының орталық аудандық ауруханаларына әдістемелік және үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл аудандық деңгейдегі мамандардың облыстық орталықпен бірлесіп әрекет етуіне ықпал етеді.

Қазіргі таңда Cerebra бағдарламасы Қазақстан Республикасының 44 инсульт орталығында пайдаланылуда. Жетісу облысында оның барлық инсульт орталықтарына енгізілуі медициналық қызметті цифрландырудағы кезекті кезең болды.

Жасанды интеллект дәрігердің кәсіби шешімін алмастырмайды, керісінше диагностикалық деректерді жылдам өңдеуге көмектесетін қосымша құрал қызметін атқарады. Оның клиникалық тәжірибеге енгізілуі инсультке шалдыққан адамдарды тексеру мен емдеу барысын оңтайландырып, шұғыл медициналық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Айбек БЕЙСЕМБЕК

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі