ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жетісуда дүниеге келген төртемнің отбасына үш бөлмелі пәтер берілді

11 қараша, 2026
Жетісуда дүниеге келген төртемнің отбасына үш бөлмелі пәтер берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында бірден төрт ұл дүниеге келген Бекеевтер отбасына жаңа көпқабатты тұрғын үйден үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ жас анаға бала күтіміне көмектесетін арнайы көмекші беріледі.

Жетісу облысында төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Сәбилерін Алматы қаласындағы Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында өмірге әкеліп, туған үйіне оралған жас ананы жерлестері салтанатпен қарсы алды.

Өңір басшысының атынан ата-анасы мен сәбилерді облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтап, жаңа пәтердің кілтін табыстады.

«Сарыөзек ауылында отбасына жаңа көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан үш бөлмелі пәтер беріп отырмыз. Пәтерде жайлы тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Төрт сәбиді бірдей күтіп-бағу оңай емес. Сондықтан Альмираға балалардың күтіміне көмектесетін арнайы көмекші беріледі», – деді М. Көлбаев.

Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ ауылында тұратын отбасында төртемнен бөлек үш баласы бар. Енді төрт ұлдың дүниеге келгенімен олар көп балалы отбасы санатына қосылды.

Төртемнің анасы Альмира Бекеева – 31 жаста, мектепте педагог болып жұмыс істейді. Ал отағасы Олжас Бекеев – жүк көлігінің жүргізушісі.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте дәрігерлердің көмегімен Арлан, Арсылан, Әлихан, Әмірхан есімді төрт ұл дүние есігін ашты. Сәбилер шала туғандықтан, біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болып, қазір жақсы салмақ жинап, аман-есен үйге оралды.

Фото авторы: Жұмабай Мұсабеков

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі