Өнер – тәрбие құралы, театр – рухани әлемнің айнасы!
Қаратал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахналық өнерге қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және театр арқылы тәрбиелеу мақсатында «Театр – тәрбие бастауы – 2026» аудандық байқауы өткізілді.
Байқау барысында ауданның білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары сахна төрінде өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетіп, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор қойылымдарын ұсынды. Әрбір сахналық көрініс көрерменге ой салып, ізгілікке, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндеді.
Қатысушылар актерлік шеберліктерімен, сахналық мәдениетімен, көркемдік шешімдерімен және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленді. Байқау оқушылардың талантын шыңдап, өнер арқылы тәрбие берудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен білім беру ұйымдары мен қатысушылар марапатталды.
Барлық қатысушыларға, жетекшілерге және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!





