ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Цифрландыру

Талдықорғанда Digital Qazaqstan Day 2026 мерекесіне орай Pizza Pitch өтті

11 қараша, 2026
Талдықорғанда Digital Qazaqstan Day 2026 мерекесіне орай Pizza Pitch өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Jetisu Digital алаңында Цифрландыру күніне — Digital Qazaqstan Day 2026 мерекесіне орайластырылған Pizza Pitch шарасы ұйымдастырылды. Байқау барысында 10 команда сарапшылар алқасының алдында өз идеялары мен стартап-жобаларын таныстырды. Шараның жалпы жүлде қоры 450 000 теңгені құрады.

Pizza Pitch байқауына қатысуға барлығы 40-тан астам жоба ұсынылып, олардың ішінен ақтық қорғауға 10 үздік команда іріктелді. Қатысушылар қазылар алқасына өз өнімдері, мақсатты аудиториясы мен даму жоспарлары туралы баяндап, сарапшылардың сұрақтарына жауап берді. Қазылар алқасы идеяның өзектілігін, шешімнің пысықталу деңгейін, нарыққа шығу перспективаларын және таныстыру сапасын бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Qgen командасы иеленсе, екінші орын KVIK жобасына бұйырды, ал үздік үштікті Tuleu командасы түйіндеді.

Мұндай бейресми формат жаңа бастаған командалардың сахнаға еркін шығып, өз жобасын қысқа әрі нұсқа таныстыруына мүмкіндік береді. Қатысушылар сарапшылардан өнім мен бизнес-модельдің әлсіз тұстары туралы тікелей кері байланыс алып, бұл оларға алдағы уақытта акселерациялық бағдарламаларға, гранттық конкурстарға және инвесторлармен кездесулерге сапалы дайындалуға септігін тигізеді.

Өңір үшін мұндай шаралар перспективалы жобаларды бастапқы кезеңде анықтап, жастарды технологиялық кәсіпкерлікке тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар жергілікті стартаперлер үшін сарапшылармен, менторлармен және басқа да командалармен танысуға арналған тиімді орта қалыптасады. Алдағы уақытта Jetisu Digital облыстың стартап-қауымдастығын қолдау мақсатында осындай питч-сессиялар мен өзге де шараларды өткізуді жалғастырады.

Фото авторы Jetisu Digital

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі