Алакөл ауданында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ахмет Кендірбекұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» атты шығармашылық кеш өтті.
З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, әріптестері мен жерлестері жиналды.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, өлеңдері оқылды. Өнерпаздар мен жас әншілер әсем әндерін орындап, мерекелік кештің көркін қыздырды. БШО балалар шығармашылық орталығының талантты тәрбиеленушілері де сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ кешке арнайы келген әнші Естай Әлекеев мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, өнерімен кештің мазмұнын толықтырды.
Мерейтой аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірдің өзін жырлаған ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Фотосуреттерді Алакөл ауданы әкімдігі ұсынды





