Жергілікті билік пен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Жиынға өңір басшысы, қала әкімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, егістік жер учаскелерін бөлу және өзге де өзекті әлеуметтік мәселелер көтерілді. Азаматтардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият назарға алынып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толыққанды түсіндірмелер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық сауалдар хаттамаға енгізіліп, оларды шешу бойынша тиісті жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Тұрғындардың өтініштерін орындау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың назарына!
Тұрғын үй мәселелеріне қатысты хабарламалар кезекте тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы жіберілетінін хабарлаймыз. Тұрғын үй алу тек белгіленген тәртіп пен қолданыстағы ережелерге сәйкес, қатаң түрде кезек ретімен жүзеге асырылады.
Фотосуреттерді Қаратал ауданы әкімдігі ұсынды





