ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Денсаулық

Жетісу облысында 70 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе егілді

5 қараша, 2026
Жетісу облысында 70 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе егілді
WhatsAppTelegramFacebook

Тұмау, ЖРВИ — ауа-тамшылы жолмен таралатын тыныс жолдарының  вирустық  ауруы. Күзгі-қысқы маусымдық кезеңде жоғарылайды.

Аурудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты.

Тұмауға тән белгілер: дене қызуының жоғарлауы; жөтел, бас ауру; әлсіздік, бұлшық еттер мен буындардың ауруы, тамақ пен мұрынның қабынуы.

Неге біз әрқашан тұмауды басқа ЖРВИ-дан бөліп айтамыз? Себебі — ЖРВИ ішінде ең қауіптісі – тұмау:

— аурудың ағымы ауыр;

— асқыну қауіпі жоғары;

— өлім-жітімге әкелуі мүмкін (басқа ЖРВИ-мен салыстырғанда жиі);

— эпидемиялық потенциалы жоғары (инк.кез.қысқа-1-4 күн, өзгергіштігі жоғары).

ЖРВЖ-ң, тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымы 1-қазаннан басталды. Қазір сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағалануда. 2026-2027 жылдардағы эпидмаусымда ЖРВИ-ң 13863 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 2125,3. Былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 16%-ға төмендеген. Жоғары көрсеткіш Қаратал (1860,6) ауданы мен Талдықорған (4435,1) қаласында. 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 65,4% (9062 жағдай).

2026-2027 жылдардағы эпидкезеңде оқушылар арасында 1434 ЖРВИ тіркелген. Мектептерде оқушылардың сырқаттануы 10% аспайды.

Алдын алу шараларына келсек: барлық ЖРВИ-ң ішінде тек тұмауға қарсы вакцинация жүргізілетінін атап өту қажет.

Биылғы эпидемиялық маусымда Жетісу облысына жергілікті бюджеттен барлығы 82 500 доза, жұмыс берушілердің есебінен 210  тұмауға қарсы вакцина сатып алынды, облыс халқының 12% астамын қамту жоспарланды.  Облыс бойынша тұрғындарды тұмауға қарсы иммундау жұмыстары  5 қазанда басталды. Тұмауға қарсы егілгендер саны – 67500 (83%).

Арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармауымыз керек: дәрумендер қолану, тиімді тамақтану, жиі желдету, ылғалды тазарту, жеке бас гигиенасын сақтау (жиі қолды сабынмен жуу), түшкіріп, жөтелген кезде ауызды немесе мұрынды бет орамалмен жабу, — мүмкіндігінше халық тығыз орналасқан және жаппай шаралар ұйымдастырған жерлерге бармау.

Индира КҮНБАСОВА,

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі