ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Құқық

Жетісу жолдары цифрлық бақылауда: 584 бейнебақылау камерасы орнатылды

5 қараша, 2026
Жетісу жолдары цифрлық бақылауда: 584 бейнебақылау камерасы орнатылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүру ережелерін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заманауи цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 137 аппараттық-бағдарламалық кешен мен 584 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың қатарында «ZEREK-2», «VIDAR SPEED-R», «Сергек», «МЕРГЕН» жүйелері және Ekin BOX SPOTTER кешендері бар. Сонымен қатар патрульдік полиция қызметінде Ekin Patrol G2 мобильді жүйесі қолданылады.

«МЕРГЕН» және «VIDAR SPEED-R» кешендері жол қозғалысын бақылауға және белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын қадағалауға арналған. Ал «ZEREK-2» жол қозғалысын автоматтандырылған түрде бақылау және тиісті деректерді тіркеу үшін қолданылады. Өз кезегінде, патрульдік автокөліктерге орнатылған Ekin Patrol G2 мобильді кешені көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тануға, іздеуде жүрген автокөліктерді анықтауға және қозғалыс барысында бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Әкімшілік айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың сипаты мен заңнамада көзделген тиісті бапқа байланысты белгіленеді, — деді Жетісу облысының Полиция департаменті әкімшілік практика басқармасының аға инспекторы Еркебұлан Айдарбекұлы.

Қолданыстағы цифрлық жүйелермен қатар өңірде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 9 учаскеде интеллектуалды «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату көзделген.

Полиция өкілінің айтуынша, цифрлық технологиялар мен жаңа жобаларды енгізудегі басты мақсат – әкімшілік айыппұлдар санын көбейту емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі