І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Құрылтайының депутаты Наурыз Сайлаубай мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усанова оқу орнының ұжымымен және студенттермен кездесті. Басқосуда жоғары білім беру жүйесін дамыту, кадр даярлау сапасын арттыру, жастардың өзекті мәселелері мен өңірді бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Кездесу соңында университет өкілдері «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа оқу корпусы мен студенттер жатақханасын салуға қолдау білдіруді сұрап, бұл мәселеге оң ықпал ету туралы ұсыныстарын жеткізді.





