Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Президенттің жаңа Жолдауын талқылау аясында депутаттық корпус пен Үкімет өкілдерінің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Басқосуда ауыл шаруашылығын қолдау және шаруаларға қолжетімді қаржы беру мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды. Аграрлық сала өңір экономикасында маңызды орын алатындықтан, бұл бағыттың біз үшін маңызы ерекше. Кездесу барысында қант өндірісін дамыту, жүгері алқаптарын ұлғайту және сүт фермаларын қолдау мәселелері де сөз болды. Ұзақ мерзімді қаржыландыру мен заманауи технологияларға қол жеткізу шаруалардың кәсібін дамытуға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ең бастысы, айтылған қолдау шаралары ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін нақты қолжетімді болғаны жөн.
Нұржан Рахметказынов
Жетісу облысы Қаратал ауданы
«Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы





