Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық дамыған мемлекет құруға мықты серпін бердік. Ендігі басты міндет — жасанды интеллектке негізделген цифрлық экономика құрып, бұл жұмысты жүйелі жалғастыру. Үкімет, ұлттық компаниялар мен креативті сектор бұл іске белсенді атсалысуы тиіс. Ескірген тәсілдерден арылып, бұл үдерісті болашақ ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімді жалпыұлттық миссия ретінде қарастыруымыз керек.
Қандай қатерлер болса да, жаңа тұрпатты мемлекет құру бағытымыз өзгермейді. Осы мақсатта алдағы жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынамын. Осы бастама аясында әр облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде маңызды азаматтық инфрақұрылым нысандарын салып, сапалы жөндеу жұмыстарын белсенді түрде жүргіземіз.
Қорыта келе айтарым, цифрлық технологиялар мен ауқымды құрылыс — заманауи әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудың екі қанаты. Елді дамыту жолындағы бұл стратегиялық қадамдар нақты нәтиже беруі тиіс.
Тасыбаев Руслан Шоғалұлы, Қаратал аудандық «ӘДІЛЕТ» партиясы филиалының төрағасы





