ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Спорт

4 мыңнан астам жарыс және цифрлық есепке алу: Жетісу облысында балалар мен жасөспірімдер спорты реформалануда

11 тамыз, 2026
4 мыңнан астам жарыс және цифрлық есепке алу: Жетісу облысында балалар мен жасөспірімдер спорты реформалануда
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері ауылдық эстафеталардан бастап халықаралық турнирлерге дейін 4 мыңнан астам шара өткізілді. Олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән берілуде.

Жаңартылған заңнамаға және салалық министрліктің 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшіру саланы жаңғыртудың маңызды қадамы болды. Енді бюджет қаражаты білім алушылардың нақты санына байланысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бойынша қатаң түрде бөлінеді.

Бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету үшін деректердің қайталануын болдырмайтын цифрлық платформа енгізілуде, ал спорт мектептеріне қабылдау «e-Gov» порталы арқылы жалғасады. Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ата-аналарды балалардың құжаттарын уақтылы өзектендіруге шақырады. Енгізіліп жатқан реформалар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Жетісу облысынан бірден 11 спортшы 2026 жылы өтетін XX Азия ойындарына қатысу үшін Қазақстан құрамасының негізгі құрамына кірді. Қатысушылар спорттың 6 түрінен – ауыр және жеңіл атлетика, садақ ату, велоспорт, спортық құзға шығу мен көгалдағы хоккейден бақ сынайды.

Биылғы маусым Жетісу спортшылары үшін табысты өтуде. Ересектер арасындағы велоспорттан Азия чемпионатында Евгений Федоров алтын, ал Денис Сергиенко күміс жүлде жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында Әйгерім Смаилканова Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ өңірдің тағы 9 спортшысы регби мен волейболдан ұлттық құрамаға кандидаттар тізіміне енгізілді. Олардың Азиадаға қатысуы тамыз айының соңында аяқталатын іріктеу жарыстарының қорытындысы бойынша анықталады.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі