ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Жетісуда балалар қауіпсіздігі үшін 800-ге жуық пәтер тексерілді

26 июня, 2026
Жетісуда балалар қауіпсіздігі үшін 800-ге жуық пәтер тексерілді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында жазғы маусымның басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі тағы да күн тәртібіне шықты. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті билікпен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық шараларды қолға алды.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан облыс аумағында баланың терезеден құлауының 1 жағдайы тіркелген. Ал өткен жылы мұндай 3 оқиға орын алған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – балалардың қараусыз қалуы, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы немесе баланы қарау міндетінің қарт туыстар мен кәмелетке толмаған өзге балаларға сеніп тапсырылуы.
Республикалық «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында облыстағы 92 көпқабатты тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға 800-ге жуық астам ақпараттық брошюра таратылды.
Көксу ауданындағы 11 орта мектепте жөндеу жұмыстары кезінде 700 терезе құлпы орнатылды.
ТЖД бастамасымен Текелі қаласында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің 60 пәтеріне 120 терезе блокираторы бірден орнатылды. Дәл осындай жұмыстар қазір Көксу ауданындағы жаңа тұрғын құрылыс нысандарында жалғасып жатыр.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу