ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Мәдениет

Жетісуда «Көшбасшы-2026» сыйлығына өтінімдер қабылдануда

17 июня, 2026
Жетісуда «Көшбасшы-2026» сыйлығына өтінімдер қабылдануда
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді де талантты жастар арасында жыл сайынғы облыс әкімінің «Көшбасшы-2026» жастар сыйлығы байқауы басталды. Биыл бұл жоба бесінші рет ұйымдастырылып отыр.
Сыйлықтың басты мақсаты – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани салаларда ерекше көзге түскен бастамашыл жастарды қолдау, олардың жетістіктерін дәріптеу және кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады.
«Көшбасшы» жастар сыйлығы Жетісу облысының 14 пен 35 жас аралығындағы дарынды жастарын анықтауға және ынталандыруға бағытталған маңызды жоба. Байқауға облыс аумағында тұратын және еңбек ететін, түрлі салада жоғары жетістіктерге жеткен, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген жастар қатыса алады. Үміткерлерден өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Биылғы мерейтойлық шара аясында үздіктер 15 номинация бойынша анықталады. Атап айтқанда, «Үздік жас цифрлық көшбасшы», «Үздік жас қоғам белсендісі», «Үздік жас спортшы», «Үздік студент» және «Үздік оқушы» номинациялары бар. Сонымен қатар, білім және ғылым, мәдениет, медицина салаларының үздік жас көшбасшылары, «Үздік жас отбасы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас журналист», «Үздік жас әскери қызметкер», «Үздік жас батыр», «Үздік жас волонтер» және «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» марапатталады.
Бес жыл ішінде «Көшбасшы» жастар сыйлығы өңірдегі талантты жастарды қолдаудың тиімді алаңына айналды. Жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың бастамаларын қолдауға және жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға зор ықпал етіп келеді. Биылғы байқау да өз саласында үздік нәтижеге қол жеткізіп жүрген жастарды анықтап, олардың тәжірибесін насихаттауға және қоғамға үлгі етуге бағытталған.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу