ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер

21 мая, 2026
Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Салық кодексі өз күшіне енді, ол берешекпен жұмыс істеу принциптерін сараланған (дифференциалды) тәсілге көшіре отырып, түбегейлі өзгертеді. Реформаның басты мақсаты — бизнеске әкімшілік қысымды азайту және кәсіпкерлерді шағын сомалар үшін шоттардың бұғатталуынан қорғау.

Маңызды жеңілдіктер салық төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібіне де қатысты болды. Енді берешек сомасы 1500 АЕК-ке дейін болған жағдайда, екі жылдан астам жұмыс өтілі бар белсенді кәсіпкерлер кепіл мүлікті немесе банктік кепілдікті ұсынбастан, 3 жылға дейін бөліп төлеуді немесе 6 айға дейін мерзімін ұзартуды ала алады. Сонымен қатар, Басқарма салық амнистиясы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: бүгінгі таңда борышкерлердің 38%-ы қамтылып, нәтижесінде бизнеске 135 миллион теңге өсімпул (пения) мен 114,5 миллион теңге айыппұл есептен шығарылды.

Жаңа ережелер міндеттемелерді ерікті түрде реттеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жағдай жасайды.
20 АЕК шегінен аспайтын шағын берешек кезінде кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ: салық органдары тек хабарлама жіберумен шектеледі, ал кез келген басқа мәжбүрлеп өндіру шаралары мен бұғаттаулар толығымен жоққа шығарылады. Алғашқы шектеулер межеден асып, 20-дан 45 АЕК-ке дейінгі аралықты құрағанда іске қосылады. Мұндай жағдайда салық төлеушіге ресми білдіру (уведомление) жіберіледі, егер ол орындалмаса, банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассолық өкімдер қойылады.

Қарызы 27 000 АЕК-тен асатын ең ірі төлемейтіндер үшін қатаң дербес шектеулер қарастырылған. Егер мұндай сома үш ай ішінде өтелмесе, соттың санкциясы негізінде компания басшысының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша тыйым салынады. Осы ережелердің арқасында адал бизнес ұсақ қаржылық қиындықтар туындаған кезде тұрақтылықтың сенімді кепілдігіне ие болды.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу