ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды

13 мая, 2026
Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында есірткімен күрес қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері тәркіленген заңсыз заттардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары туралы толығырақ Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Узаков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатынды баяндады.
Полицейлер Талдықорған қаласында есірткі өндірісімен айналысқан екі бірдей ірі зертхананы жойды. 4 айдың ішінде заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі алынды. Оның ішінде тек марихуананың салмағы 93 келіден асса, 1 келіден астам синтетика мен 6 келіге жуық гашиш тәркіленген. Жедел іс-қимылдар барысында 43 адам құрықталды, олардың арасында есірткіні жасырын жерлерге қойып кетумен айналысқан 7 есірткі жасырушы бар.
Тәртіп сақшылары тек көшедегі қылмыспен ғана емес, виртуалды әлемдегі наркобизнеспен де белсенді күресуде. «Кибербақылау» жүйесі арқылы 1000-нан астам есірткі сайты бұғатталса, «Антифрод» бағдарламасы 5 миллион теңге айналымы бар 313 банктік шоттың жолын кесті. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі 20 мыңға жуық күдікті шот пен 5 мыңнан астам крипто-әмиянды бұғаттауға сұраныс жіберілді.
Дәріханалар да назардан тыс қалған жоқ. «Дәрмек» операциясы кезінде полицейлер 10 дәріхананың есірткі тектес препараттарды рецептсіз сатып келгенін анықтады. Тексеріс барысында 9 мыңға жуық психотроптық ампула мен есірткі жасауға қолданылатын 23 тонна тұз қышқылы тәркіленді. Тіпті, түнгі клубтар мен кафелердегі «көңіл-күй газының» айналымына дейін қатаң тексеріске алынды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір өңірде 232 адам нашақорлық дертімен есепте тұр, олардың 40-ы – 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Алдағы маусым айынан бастап полиция «Қарасора-2026» ауқымды операциясына кіріспек. Ол үшін облыстың шөлейтті аймақтарын тікұшақпен барлап, есірткі алқаптарын әуеден іздеу жоспарланған.

Жетісу облысының толық электрондық картасы жасалды
Аймақтар

Жетісу облысының толық электрондық картасы жасалды

15 мая, 2026
Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды
Құқық

Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: Талдықорғандағы екі зертхана жойылды

13 мая, 2026
Жетісу облысында есірткіге қарсы жаңа «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» жобасы іске қосылуда
Қоғам

Жетісу облысында есірткіге қарсы жаңа «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» жобасы іске қосылуда

13 мая, 2026
Жетісу облысының денсаулық сақтау саласында оң динамика байқалады
Медицина

Жетісу облысының денсаулық сақтау саласында оң динамика байқалады

8 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу