ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында көктемгі егіс науқаны қызып жатыр. Биыл аймақ аграршыларын қолдау үшін «Кең дала» бағдарламасы аясында 10,8 миллиард теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 184 шаруа қожалығы 4,5 миллиард теңгеден астам қаражатты иеленіп, жұмысқа кірісіп кетті. Бұл туралы Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Қайрат Әлімқұлов БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – төмендетілген пайыздық мөлшерлемесінде. Шаруалар несиені небәрі жылдық 5 пайызбен ала алады. Қаржыны қайтару мерзімі де егін жинап, өнімді өткізіп болғаннан кейінгі уақытқа, яғни келесі жылдың 5 наурызына дейін созылған. Бұл диқандарға егін сатудан түскен табыс есебінен қарызды еш қиындықсыз жабуға мүмкіндік береді.
Көптеген ұсақ шаруашылықтар үшін несие алудағы басты кедергі – кепіл мүлкінің жетіспеушілігі. Биыл бұл мәселе де шешімін тапты. Егер шаруаның өз мүлкі несие сомасын толық жабуға жетпей жатса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік бере алады.
Несие көлемі шаруаның иелігіндегі жер көлеміне және себілетін дақылдың түріне тікелей байланысты. Мемлекет әр дақылдың шығын нормативін есептеп, нақты шекті мөлшерлемелерді бекітті:
Қант қызылшасы: Ең шығынды дақыл ретінде 1 гектарына 394 580 теңгеге дейін несие беріледі.
Дәндік жүгері: 1 гектарына – 218 548 теңге.
Картоп пен көкөніс: Тиісінше 744 мың және 592 мың теңге шамасында.
Бидай мен арпа: 1 гектарына 72-78 мың теңге аралығында қарастырылған.
Қазіргі уақытта Текелі қаласынан басқа барлық аудандарда дала жұмыстары басталып кетті. Жалпы егіс көлемі 511,8 мың гектарды құрап отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар қажетті тұқымды, жанар-жағармайды және минералды тыңайтқыштарды ертерек сатып алып, техникаларын толық жөндеуден өткізді. Мамандардың болжамынша, осындай жүйелі қаржыландыру биылғы өнімнің мол әрі сапалы болуына септігін тигізбек.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу