ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ернат Бәзіл референдум күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтады

15 наурыз, 2026
Ернат Бәзіл референдум күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл референдум күні дүниеге келген сәбилердің аналарына арнайы барып, құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Қала әкімі жас босанған аналардың жағдайын сұрап, еліміз үшін маңызды күні өмірге келген сәбилерге ақ тілегін білдірді.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Осындай тарихи күні дүниеге келген сәбилер ертең елге қызмет ететін азамат болып өссін. Аналарымызға зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке тілеймін», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Жас аналар да қала әкімінің арнайы келіп, қуаныштарымен бөліскеніне ризашылықтарын білдірді.

«Мен, Есімхамбет Жанеля, еліміз үшін маңызды күні үшінші перзентімді дүниеге әкелдім. Бұл біздің отбасымыз үшін ерекше әрі қуанышты сәт. Қала әкімінің арнайы келіп құттықтап, жылы лебізін білдіргеніне үлкен алғыс айтамыз. Ұлым ер жетіп, елінің абыройлы азаматы болады деп сенемін», – деді жас ана.

Айта кетейік, бүгін референдум күні облыс орталығы Талдықорған қаласында 8 сәби дүниеге келді. Олардың алтауы қыз бала, екеуі ұл бала.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі