ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Саясат

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі референдумға қатысты

15 марта, 2026
«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі референдумға қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті, — деп, хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Елдің азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституциямыз бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауысымды бердім. Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Айта кетейік, өңірдегі сайлау құқығына ие адамдардың саны 437 мыңнан асады, оның 2600-ге жуығы — алғаш рет дауыс берушілер. Облыста 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде. Олардың 40-ы — әскери бөлімдер, шекара заставасы, медициналық мекемелер мен пенитенциарлық жүйелер мекемелері сияқты дауыс берушілердің белгілі бір бөлігіне арналған нысандар.  Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған: дауыс беру кабиналары, стационарлы және жылжымалы жәшіктер дайындалды, сондай-ақ қоғамдық бақылау жүргізуге жағдай жасалған.

Ерекше қажеттілігі бар жандардың кедергісіз дауыс беруіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, 467 учаске бірінші қабатта орналасқан, тактильді көрсеткіштер, пандустар, мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға арналған арнайы кабиналар, сондай-ақ көру қабілеті төмен адамдарға арналған үлкейткіштер мен трафареттер орнатылған. Облыс орталығында 33 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетуде, сондай-ақ 30 сурдоаудармашы тартылған.

Референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында 479 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 11-і аумақтық, 468-і учаскелік комиссиялар. Жалпы, дауыс беру процесін қадағалап, ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыруға 2 989 комиссия мүшесі қатысуда. Референдумды бақылау үшін облыста 6 қоғамдық бірлестік аккредитацияланған.

Жалпы, бүгінгі күні сайлау учаскелерінің барлығы стендтермен, ақпараттық және методикалық материалдармен, жаңа Конституция жобасының екі тілдегі нұсқасы басылған плакаттармен жабдықталған. Сайлаушыларды тіркеуді растайтын 186 онлайн-сервис және Талдықорған қаласында уақытша тіркеу бойынша қаланың 5 мектебінде 5 сервис ашық тұр.

Дауыс беруге бірінші келген сайлаушыға, сол сияқты алғаш рет дауыс беруші және жасы ең үлкен сайлаушыға арнайы естелік сыйлықтар қарастырылған. Сонымен қатар бүгін облыстың аудан орталықтары мен қалаларында қоғамдық көлікпен жүру тегін.

Жалпы, барлық сайлау учаскелері сағат кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу