ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Саясат

Референдум-2026: Жетісудағы сайлаушылар тізімі

15 марта, 2026
Референдум-2026: Жетісудағы сайлаушылар тізімі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды шешім шығатын сәт. Осыған орай, Жетісу облысы бойынша учаскелер өз жұмысын бастады. Соңғы нақтыланған мәліметтерге сәйкес, өңірдегі сайлаушылардың жалпы саны 437 729 адамды құрайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Дауыс беру процесін сапалы ұйымдастыру үшін облыс аумағында 468 учаске жұмыс істеуде. Оның ішінде азаматтардың белгілі бір топтары үшін 40 арнайы учаске жасақталған. Атап айтқанда:

  • 21 учаске – әскери бөлімдер мен шекара заставаларында;

  • 10 учаске – уақытша ұстау изоляторларында (ИВС);

  • 8 учаске – денсаулық сақтау объектілерінде;

  • 1 учаске – интернат үйінде орналасқан.

Референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында 479 референдум комиссиясы жұмылдырылды. Олардың ішінде 11 аумақтық және 468 учаскелік комиссия бар. Бұл ауқымды іске барлығы 2 989 комиссия мүшесі қатысып, дауыс беру барысын қадағалап, ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады.

Қазіргі таңда барлық учаскелер қажетті техникалық құралдармен, ақпараттық стендтермен және дауыс беруге арналған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сайлаушылар тізімінің уақтылы берілуі әрбір азаматтың өз таңдауын жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу