ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісуда тасқын қаупі бақылауда: 60 гидробекет жұмыс істеп тұр

23 февраля, 2026
Жетісуда тасқын қаупі бақылауда: 60 гидробекет жұмыс істеп тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық күшейтілді. Қазір өңірдегі өзендерде 60 гидробекет үздіксіз жұмыс істеп, су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Мамандардың мәліметінше, су көлемі көпжылдық орташа көрсеткіштерге сәйкес, өзен арналарында сең кептелісі тіркелмеген.

Облыстағы 8 су қоймасының 5-еуі жинақтау режимінде. Орташа толу деңгейі — 51 пайыз. Бұл еріген қар суын қабылдауға жеткілікті бос көлем бар екенін білдіреді. Барлық 114 гидротехникалық нысан жіті бақылауға алынған.

Тасқынның алдын алу мақсатында өткен жылы басталған 26 инженерлік жобаның 24-і толық аяқталған. Нәтижесінде 3 мың шақырым қорғаныс дамбылары жөнделіп, 14,8 шақырым арық жүйелері салынды. Сондай-ақ 24 шақырым өзен арналары тазартылып, тереңдетілді.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенін жағалауды бекіту жұмыстары 65 пайызға орындалды. Ал Қаратал ауданындағы үйінді дамбаны жөндеу жұмыстары 10 пайызға аяқталған. Қазсушар РМК филиалы тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып отыр. Ескелді ауданында және Қызылағаш су қоймасы аумағында заманауи акустикалық құлақтандыру жүйелері орнатылған.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 130 мың қап, 5,5 мың тонна инертті материал, 82 тонна жанар-жағармай қоры әзірленді. 235 эвакуациялық пункт дайын тұр. Облыстық резервте 2,6 млрд теңге қарастырылған. Қажет болған жағдайда 2965 адам, 534 техника, 193 мотопомпа мен 27 жүзу құралы жұмылдырылмақ.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу