ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Экономика

Жетісуда 16,7 миллиард теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

20 февраля, 2026
Жетісуда 16,7 миллиард теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылғы қызметінің қорытындысын жариялап, 2026 жылға арналған басым міндеттерін атап өтті. Онда аудитпен қамтылған қаражат көлемі 34,8 млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген 65 аудиторлық іс-шараның нәтижесінде жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды. Анықталған олқылықтардың ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 12,3 млрд теңге болса, тікелей қаржылық бұзушылықтар 4,4 млрд теңгеге жетті.
Қаржылық тәртіпті қалпына келтіру бағытында 3 млрд теңгеден астам қаражат қайта өндіріліп, қалпына келтірілді. Департамент тарапынан аудит нысандарына 63 нұсқама жолданып, нәтижесінде 52 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2026 жылға арналған басым міндеттер ретінде Департамент мемлекеттік аудитті толықтай электрондық форматқа көшіруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуді және салынған әкімшілік айыппұлдардың бюджетке 100% өндірілуін, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасын өндіру толықтай өтеуді, сондай-ақ, аудит нысандарына жолданған нысандарды қамтамасыз етуді айқындап отыр.
Сондай-ақ, алдағы кезеңде аудит материалдарының сапасын арттыру мен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру арқылы облыстың қаржылық тәртібін одан әрі нығайту жоспарланған.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу