ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Аймақтар

Шетелдік қызығушылық 60%-ға артты: Жетісу туристік картадағы орнын нығайтуда

12 февраля, 2026
Шетелдік қызығушылық 60%-ға артты: Жетісу туристік картадағы орнын нығайтуда
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында туризм саласы тұрақты дамуда: өңірге келген саяхатшылар саны 2 млн адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Тұқибаев хабарлады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда өңірде туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, 2025 жылы ғана бұл мақсатқа 30,2 млрд теңге бағытталып, жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 30%-ын құрады.
Туристік инфрақұрылымды жақсарту нәтижесінде көрсетілген қызметтер көлемі 13%-ға артты. Шетелдік туристер ерекше қызығушылық танытуда — олардың саны бір жыл ішінде 60%-ға көбейді. Салалық басқаруды күшейту мақсатында облыста дербес туризм басқармасы құрылып, бес ауданда тиісті бөлімдер ашылды.
Елдегі ең биік сарқырама — Бұрхан-Бұлаққа апаратын жолды реконструкциялау келесі жылдың соңында аяқталады.
Облыста экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аударылуда. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында тазалықты қамтамасыз ету үшін «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары жұмысын бастады. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлініп, 41 бірлік арнайы техника сатып алынды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған, Текелі және Сарқан қалаларында жалпы аумағы 74 гектарды құрайтын үш жаңа экопарк салынады. Жыл соңына дейін туристерді тарту мақсатында «Balkhash Fest», «Alakol Fest» және «Құландар мекені» сияқты халықаралық деңгейдегі бірқатар фестивальдер мен марафондарды өткізу жоспарланып отыр.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу