ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Ветеринария саласын жаңғыртуға биыл 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ

6 февраля, 2026
Ветеринария саласын жаңғыртуға биыл 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында биыл 16 жаңа блокты-модульді пункт, 4 ветеринариялық станция мен 10 мал қорымын салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға бюджеттен 845 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін өңірдегі 129 сібір жарасы көміндісінің қоршауларын бетонға ауыстыру жұмыстары толық аяқталады. Бүгінгі таңда 65 нысан бетонмен қоршалып үлгерді, қалған 64 нысан бойынша жұмыстар қарқынды жүруде.
Инфрақұрылымдық дамумен қатар, биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін 11,8 миллион манипуляция жасау көзделген. Профилактикалық шаралар ақпан айында басталып, қазіргі уақытта мамандар қажетті вакциналардың 46%-мен қамтамасыз етілді. Биылғы жоспарда пастереллез бен қарасан сияқты ауруларға қарсы екпе көлемі 10,9%-ға азайтылды.
Саланы цифрландыру және жабдықтау жұмыстары соңғы екі жылдағы нәтижелер негізінде жалғасуда. 2023-2025 жылдар аралығында өңірде 67 жаңа ветеринариялық нысан салынып, паркі 78 арнайы автокөлікпен толыққан болатын.
Биылғы жоспар бойынша 850 мыңнан астам жаңа туған төлді бірдейлендіру деректер қорына тіркеу жұмыстары да басты басымдықтардың бірі болып қала бермек.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу