ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар жандардың  өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Биыл өңірдегі әлеуметтік осал топтарды қолдауға 9,5 млрд теңге бағытталып, көмек көрсету процесі толық цифрландырылуда.

Бүгінде  облыста әлеуметтік осал топқа жататын 166 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері,  көпбалалы  аналар мен мүгедектігі бар тұлғалар бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен 71 433 азаматқа 20 түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен көмектің «категориялық» жүйеден «мұқтаждық» критерийіне көшуі басталды.

Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының екі есеге жуық  қысқаруы  байқалады.  Мәселен, 2022 жылы  8 311  отбасы  көмек алса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 967 отбасына дейін азайған. Бұл – азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларының нәтижесі.

2025  жылдан  бастап  «FSM Social» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл жүйе учаскелік комиссиялардың жұмысын цифрландырып, көмекке мұқтаждықты анықтау процесін жеделдетті. Сондай-ақ, биыл Бірыңғай цифрлық платформа арқылы скорингтік үлгі негізінде көмек көрсету жоспарлануда.

Жетісу  облысы  мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамту бойынша республикада үздіктер қатарында. Мұқтаж жандардың 97%-ы, яғни, 18 мың адам қажетті техникалық құралдармен қамтылды.

Облыстағы арнайы көліктер саны 32-ге дейін артты. Өткен жылы инватакси қызметін 913 адам пайдаланып, 109 мыңнан астам өтініш орындалған.

Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап облыста алғаш рет мүгедектігі бар балаларға біржолғы ақшалай көмек беру дәстүрі енгізілді.

Осылайша, Жетісу облысында әлеуметтік қолдау шаралары тек жәрдемақы төлеумен шектелмей, мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын түбегейлі  жақсартуға  бағытталып  отыр.  Бірыңғай  цифрлық  платформа мен жаңа скорингтік жүйенің енгізілуі мемлекеттік көмектің ашықтығын қамтамасыз етіп, оның нақты иесіне жетуіне жол ашады. Алдағы уақытта да инклюзивті қоғам қалыптастыру және әлеуметтік қорғау жүйесін толық цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жалғаса беретін болады.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу