ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар

Тұрмыстық тұтынушылар үшін газ бағасы 1м³ үшін 46,99 теңгеге дейін артады

20 января, 2026
Тұрмыстық тұтынушылар үшін газ бағасы 1м³ үшін 46,99 теңгеге дейін артады
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. 2030 жылға дейінгі өңірді кешенді газдандырудың өңірлік схемасына сәйкес, облыстағы 356 елді мекеннің 210-ы газдандыруға жатады.
Қазіргі таңда өңірдегі газдандыру деңгейі 72 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін 126 елді мекен газбен қамтылып, 500 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Оның ішінде өткен жылы 63 елді мекенге газ жеткізіліп, 107 мың адам қамтылды.
Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 302 шақырым «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді.
Алдағы жылдары жүзеге асырылатын газдандыру жобаларының нәтижесінде облысты газбен қамту деңгейі 92 пайызға дейін өсіп, 210 елді мекен қамтылмақ. Осылайша, 652 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Сонымен қатар газ тұтыну көлемінің артуына байланысты «Алматы – Талдықорған» магистральдық газ құбырының лупингін салу жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобаны аяқтау 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына жоспарланып отыр.
Тұрмыстық тұтынушылар үшін газ бағасы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 текше метр үшін қосылған құн салығы есептелгенде 45,37 теңге болып бекітілді. Ал өткен жылыту маусымында баға 1 текше метр үшін ҚҚС-мен 38,24 теңге болған, яғни айырмашылық 7,12 теңге болды.
Ал, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы 16 пайызға дейін өскендіктен, тұрмыстық тұтынушылар үшін газ бағасы 1м³ үшін 46,99 теңгеге дейін артады.
Егер тұрмыстық газ есептегішінің тексеру мерзімі өтіп кетсе, тұтынушыларға газ тұтыну көлемі норма бойынша есептеледі. Мұнда есепке тұрғындар саны мен жеке тұрғын үйдің жалпы ауданы алынады.
Газ есептегіштерін тексеру мерзімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен 5 жыл деп белгіленген.
Егер есептегішке тексеру жүргізіліп, оң қорытынды сертификат берілсе, есептелген газ көлемін 6 айға дейін қайта есептеуге болады.
Талдықорған қаласында желтоқсан айында 1 516 тұтынушыға газды тұтыну нормасы бойынша есептеу жүргізілді. Есептелген сома 26 000 теңгеден 158 800 теңгеге дейін болды.
Спикерлер газ бойынша сұрақтар, арыз немесе шағымдар туындаған жағдайда 104 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу