ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында 18 азамат пиротехникалық бұйымдарды сатқаны үшін жауапқа тартылды

25 декабря, 2025
Жетісу облысында 18 азамат пиротехникалық бұйымдарды сатқаны үшін жауапқа тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысының аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өткізіледі.

Полиция қызметкерлері сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуының және оларды тиісті лицензиясы жоқ тұлғалардың өткізуінің алдын алуға ерекше назар аударуда. Сонымен қатар тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды тұрғын үйлердің, автокөліктердің және басқа да тез тұтанатын нысандардың маңында қолданудың қауіпті екені ескертіледі. Атап өтейік, Жетісу облысында 18 азамат пиротехникалық бұйымдарды сатқаны үшін жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабына сәйкес, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны үшін 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, ал екінші рет қайталанған жағдайда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл құқық бұзушылықты кәмелетке толмағандар жасаса, жауапкершілік олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Аталған қызмет түрімен тек ішкі істер органдары берген лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана айналыса алады. Пиротехникалық бұйымдар тек қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған сауда орындарында сатылуы тиіс.

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Жетісу облысында өрт қауіпсіздігін күшейту және пиротехниканы заңсыз пайдаланудың алдын алу шаралары қолға алынды.

Төтенше жағдайлар департаменті маманының айтуынша, облыс көлемінде тек бір жерде ғана сертификатталған заңды пиротехникалық бұйымдарды сатуға рұқсат берілген.

Облыс аумағында жаңа жылдық іс-шаралар өтетін 487 нысан толық тексеруден өтті. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, нысан басшылары мен қызметкерлеріне нұсқамалар берілді, ақпараттық хаттар таратылды. Аталған нысандарға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ойын-сауық мекемелері, сондай-ақ қарттар мен балалар үйлері мен шырша алаңдары кіреді.

Жаңа жыл түні қала және аудан алаңдарында барлығы 13 шырша іске қосылып, қоғамдық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 64 жеке құрам қызметкері мен 42 бірлік техника жұмылдырылады. Профилактикалық жұмыстар барлық жаңа жылдық мерекелер аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу