ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар

Жетісу экологиясының Жол картасы бойынша 7 іс-шара іске асырылуда

24 декабря, 2025
Жетісу экологиясының Жол картасы бойынша 7 іс-шара іске асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Экология департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған «Жетісу облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасын» әзірлеп, іске асыруда. Аталған құжат өңірдегі экологиялық жағдайды жүйелі түрде жақсартуға бағытталған және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетудің негізгі бағыттарын қамтиды.

Жол картасы аясында өзара байланысты жеті іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, Талдықорған қаласындағы «Басқуат» қазандығын қатты отыннан газға көшіру арқылы кеңейту, сондай-ақ облыс орталығына іргелес Қаратал, Ескелді және Көксу аудандарындағы тұрғын алаптарды, әлеуметтік, өндірістік және өзге де нысандарды кезең-кезеңімен газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар Текелі қаласындағы қалдық сақтау қоймасын рекультивациялауға, Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарында және Текелі қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған заманауи полигондар салуға, сондай-ақ Талдықорған қаласының кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын қайта жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.

Экологиялық тепе-теңдікті жақсарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында облыс елді мекендерінде жыл сайын кемінде 20 мың дана жасыл желек отырғызу, сондай-ақ Жетісу облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу көзделген.

2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының іске асырылуына қарамастан, бірқатар негізгі іс-шаралар толық орындалмай отыр. Бұл қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және қайта жаңғырту, кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ жекелеген елді мекендерді газдандыру мәселелеріне қатысты. Сонымен бірге елді мекендерді көгалдандыру және су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бағытында оң динамика байқалады. Бұл қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені төмендетуге ықпал етеді.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу