ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында күзгі жиын-терін жұмыстары жалғасуда

24 сентября, 2025
Жетісу облысында күзгі жиын-терін жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында қант қызылшасынан басқа барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 240,6 мың га немесе 87,1% дәнді дақыл жиналды. Оның ішінде бидай мен арпаны жинау толық аяқталды. Жалпы астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандарының мәліметінше, қазір 3,9 мың гектар жүгері алқабы шабылып, 28 мың тонна дән жиналған. Биылғы жылы облыс бойынша жүгеріден 308 мың тонна өнім алу жоспарланыпты.

— Бүгінгі күнге дейін жалпы 439,7 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш бар. Орташа түсім гектарына 18,3 центнерді құрап отыр. Жиналған астықтың 260 мың тоннадан астамы мал азығына өткізілсе, 179,4 мың тоннасы қоймаға орналастырылды, – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Майлы дақылдарға келер болсақ, 12,6 мың гектар алқап немесе 11,8% өнім жиналып, гектарынан 17,7 мың тонна өнім алынды.

6,3 мың гектарға себілген картоптың 4,9 мың гектары немесе 78,2%-ы жиналып, 104,5 мың тонна өнім алынды. Әр гектардың өнімділігі 213,9 центнерден айналды. Сондай-ақ, көкөніс алқабының 5,6 мың гектары немесе 82,1%-ы жиналып, 169,7 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 301,6 центнер. Бақша дақылдары толығымен жиналып, 48 мың тоннадан астам өнім алынды.

Ал қант қызылшасын жинау жұмыстарын 25 қыркүйекте бастау жоспарланып отыр. Қант қызылшасының өнімін облыстағы 2 қант зауыты 1 қазаннан қабылдай бастайды.

Айта кетейік, биыл Жетісу облысында күзгі дала жұмыстарына 7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін 58,8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 1904 шаруа қожалығы тарапынан 50,7 мың тонна немесе 86,3%-ы сатып алынып, пайдаланылды. Жалпы, биыл өңірде көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясынан 14,3 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 323 өтінім бойынша 7,4 млрд теңге несие берілді. Өтінім қабылдау жұмыстары жалғасуда.

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды
Экономика

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды

10 декабря, 2025
Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда
Аймақтар

Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда

9 декабря, 2025
Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді
Қоғам

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді

8 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу