ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Саясат

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді

23 сентября, 2025
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Салық кодексі ауқымды өзгерістерді қамтиды. Қосылған құн салығы саласында базалық мөлшерлеме 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайтылады, сонымен бірге міндетті тіркеу шегі 20 мың айлық есептік көрсеткіштен 10 мыңға дейін төмендейді. Денсаулық сақтау, отандық баспа өнімдері және ауыл шаруашылығы сияқты әлеуметтік маңызы бар салалар үшін жеңілдетілген режимдер мен қосымша салық қайтарымдары қарастырылған.

Сонымен қатар ай сайынғы 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі, ал I және II топтағы мүгедектер үшін ол 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылады.

Реформаның маңызды бағыты — салықтық есептілікті оңайлату. Салық формаларының саны 30 пайызға қысқарады, есепті уақытында тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің орнына автоматты есепке алу жүйесі енгізіледі. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру тетіктері нақтыланып, шекті мәндер белгіленеді, салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің қосымша шаралары енгізіледі және төлем жасаудан жалтарғандарға бақылау күшейтіледі.

Арнайы салықтық режимдер жүйесі елеулі түрде оңтайландырылып, жеті режимнің орнына тек үшеуі ғана қалады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим және шаруа қожалықтарына арналған режим.

Ерекше назар сән-салтанат заттарына салынатын жаңа салықтарға аударылды. 2026 жылдан бастап құны 75 миллион теңгеден асатын автокөліктерге, 100 миллион теңгеден жоғары яхталар мен ұшақтарға 10 пайыздық акциз енгізіледі. Сондай-ақ құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке 2 пайыз мөлшерінде салық салынады.

Осылайша, 2026 жылғы салық реформасы фискалдық жүктемені әділ қайта бөлуге, әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдауға және орнықты экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реттеудің стратегиялық құралы болып табылады.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу