ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған конкурс басталды

9 сентября, 2025
Жетісу облысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған конкурс басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде биыл алғаш рет «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсы өтеді. Бұл бастама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №252 бұйрығына сәйкес қолға алынды. Бұл туралы Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сания Наурызбаева БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Конкурстың негізгі мақсаты – әлеуметтік сала мамандарының еңбегін кеңінен танытып, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, үздік тәжірибелерді анықтап, оларды тарату. Сонымен қатар, азаматтардың осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іріктеп, жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізуге ынталандыру да көзделіп отыр.
Байқауға әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың мамандары, үйде қызмет көрсету ұйымдарының әлеуметтік жұмыскерлері, әлеуметтік инспекторлар, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қызмет-керлері, педагогтар, еңбек мобильділігі орталықтарының өкілдері және қоғамдық бірлестіктер қатыса алады. Жарыс жеті номинация бойынша ұйымдастырылады.
Конкурс екі деңгейде – облыстық және республикалық деңгейде өтпек. Өңірлік кезеңді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жүргізсе, республикалық кезеңді министрлік ұйымдастырады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Құжаттарды қағаз түрінде облыстық басқармаларға тапсыруға немесе qamqor.enbek.kz порталы арқылы электронды форматта жіберуге болады.
Қазан айының алғашқы күндері бірыңғай платформада онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, өңірлік жеңімпаздар облыстық комиссия шешімімен анықталады. Ал үздік шыққан жұмыстар 13-22 қазан аралығында республикалық деңгейде қаралып, 23 қазанда қорытындысы жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 24 қазанда Астана қаласында өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының беделін арттырып қана қоймай, олардың еңбегін қоғамға кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуға бағытталған жобаларға жаңа серпін беріп, саладағы оң тәжірибелерді кеңінен насихаттау көзделуде.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу