ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Оқиғалар

Жетісу облысында шомылу маусымы қорытындыланды: 4 адам қаза тапты, 36 адам құтқарылды

3 сентября, 2025
Жетісу облысында шомылу маусымы қорытындыланды: 4 адам қаза тапты, 36 адам құтқарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында шомылу маусымы аяқталды. 2025 жылдың 1 маусымында басталған маусым қорытындысы бойынша, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылу салдарынан 4 адамның қаза болғаны тіркелді, олардың екеуі — балалар.
Қайғылы оқиғалар Қаратал өзенінде (Қаратал ауданы), сондай-ақ Кербұлақ және Алакөл аудандарында орын алған.
Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеуұлы мәлімдеді.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында биылғы маусымда 36 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды.
Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ТЖД қызметкерлері ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 51 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұлдың жалпы сомасы 746 мың теңгеге жетті.
Өңірде облыс әкімінің қаулысына сәйкес 5 ресми рұқсат етілген шомылу орны анықталған болатын. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес 76 жерде шомылуға тыйым салынды.
Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алакөл ауданының Ақши ауылында тәуліктік кезекшілік пен жағалау бойын патрульдеуді қамтамасыз еткен 9 құтқарушы, Лепсі ауылында 5 құтқарушы күнделікті жұмыс атқарды.
ТЖД қызметкерлері полициямен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп 2 мыңнан астам рейд пен патруль жүргізді.
Балалардың қауіпсіздігіне назар аудару мақсатында лагерьлер мен демалыс орындарындағы 23 су айдыны тексерілді, 4 қоғамдық құтқарушы дайындалды. Сондай-ақ оқу жылының соңында ата-аналарға нұсқаулық өткізіліп, 129 мыңнан астам ата-ана қамтылды.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу