ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Білім

Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

27 августа, 2025
Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы №320 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарына бірқатар жаңашылдықтар енгізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесінде балалардың жас ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттіліктеріне бейімделген жаңартылған ас мәзірі әзірленді.
Жаңа стандартта ақуыздар, майлар мен көмірсулардың оңтайлы арақатынасы, сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтердің құрамы ескерілген ғылыми негізделген ас мәзірі қарастырылған. Мәзірден газдалған сусындар, чипсы, фастфуд өнімдері, майонез, маргарин және басқа да зиянды тағамдар алынып тасталды. Қант пен тұз тұтыну деңгейі шектеліп, күнделікті көкөніс пен жеміс-жидек пайдалану нормалары енгізілді.
Рационға ет, балық және құс етінен дайындалған тағамдар, сүт өнімдері мен компоттар енгізілді. Дайындау барысында қайнату, бұқтыру, пісіру және буға пісіру секілді үнемді тәсілдер қолданылады.
Тағамдық аллергиясы бар, сондай-ақ глютен мен лактозаны көтере алмайтын балалар үшін арнайы диеталық мәзірлер қарастырылған. Мектептерде әкімшілік, медицина қызметкерлері және ата-аналар комитеттері өкілдері қатысатын бракераждық комиссиялар жұмыс істеп, тамақ сапасына тұрақты бақылау жүргізіп, қанағаттанушылық мониторингін қамтамасыз етеді.
Жетісу облысының тұрғындары мектеп асханаларындағы бұзушылықтар туралы «E-Өтініш» порталы арқылы фото немесе бейнематериалдарды қоса тіркей отырып хабарлай алады.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу