ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында өнім сапасына бақылау күшейтілді

20 августа, 2025
Жетісу облысында өнім сапасына бақылау күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірлік нарықты сапасыз әрі қауіпті өнімнен қорғау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде. Басты назар: сауда нысандарында өнімге бақылау сатып алу жүргізу, зертханалық тексерулер ұйымдастыру, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сатылымнан алып қою және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бөлінуде.
Бақылау сатып алу барысында алынған өнімдер қапталып, пломбаланып, зертханаларға жеткізіледі. Егер бұзушылықтар анықталса, мұндай тауарларға «сатуға жатпайды» деген белгі қойылып, олқылықтар жойылғанға дейін бөлек сақталады. Сонымен қатар, заңбұзушылықтың себебі мен оған жол берген тұлғаларды анықтау үшін тергеу жүргізіліп, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында департамент 31 тауар санатын, соның ішінде сүт және ет өнімдерін, балықты, балалар тағамын, сусындарды, биологиялық белсенді қоспаларды, ойыншықтар мен балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тексерді. Жеті ай ішінде 480-нен астам үлгі сатып алынды, оның 27 %-ы техникалық талаптарға сәйкес келмегені анықталды.
Биылғы жеті айда Бірыңғай өтініштер платформасы арқылы тұрғындардан 13 шағым түсті. Олардың нәтижесі бойынша бірқатар түсініктемелер беріліп, кей жағдайларда өнімдер тәркіленіп, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомство әрбір тұтынушының сатушыдан тауардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге және сапасыз өнім сату фактілері туралы уәкілетті органдарға хабарлауға құқылы екенін атап өтеді. Департаменттің басты міндеті – өңір тұрғындарының денсаулығын қорғау және қауіпті тауарлардың нарыққа түсуіне жол бермеу.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу