ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілуде

19 августа, 2025
Жетісу облысында тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Соңғы үш жылда 6 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Бұл үйлер өңірлік бағдарламалар, демеушілердің қолдауы, кредиттік және жалгерлік жүйелер арқылы, сондай-ақ апатты үйлерде тұрған тұрғындарды көшіру есебінен берілді.
Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін тағы 2мыңға жуық азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланған. Оның ішінде 800-ден астамы кредиттік үйлер, 400-ден астамы сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлер, 250-ден астамы әлеуметтік әлсіз топтарға арналған үйлер. Сондай-ақ «Жерұйық», «Жетісу жастары», «Маман» бағдарламалары мен демеушілердің қолдауы арқылы жүздеген отбасы баспаналы болады. Жыл басынан бері мыңнан астам отбасы жаңа үйге кіріп үлгерді.
Облыс бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 30 мыңнан астам азаматтың тізімі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тапсырылды. Жаңа жүйеге сәйкес, тұрғын үй бөлу рәсімін «Отбасы банк» жүргізсе, жергілікті әкімдіктер жалдау шартын рәсімдеп, пәтерді жекешелендіру мәселесін қарайды.
Өңірде тұрғын үй саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында бірнеше бағыт іске асырылып жатыр. «Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Талдықорғанда 1,3 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілсе, биыл өңірдің үш қаласында 378 пәтер сатылымға шықты. «Жетісу жастары» бағдарламасы арқылы соңғы екі жылда 80-нен астам жас отбасы баспаналы болды. «Жерұйық» жобасы ауыл мамандарына қолдау көрсетіп, ондаған отбасыға үй әперді. Ал Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іске қосылатын «Маман» бағдарламасымен 50 отбасы баспанамен қамтылмақ.

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды
Экономика

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды

10 декабря, 2025
Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда
Аймақтар

Ақсу ауданында 2026 жылға «Арасан ГЭС» салу жоспарда

9 декабря, 2025
Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді
Қоғам

Жетісу облысында тұрмыстық газ баллондары жарылуының 5 жағдайы тіркелді

8 декабря, 2025
Алакөл туризмі рекорд орнатты: 1,8 миллион демалушы қабылданды
Аймақтар

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

5 декабря, 2025
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу