ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Цифрландыру

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласына цифрлық бақылау енгізілуде

5 августа, 2025
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласына цифрлық бақылау енгізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласында цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі таңда электрондық базаға шамамен 3 млн бас ауыл шаруашылығы жануары енгізілген. Мал иелері «TortTulik» мобильді қосымшасы арқылы өз жануарларын тіркеп, ақпаратты жаңартуда. Ал ветеринариялық мамандар «Vet-Mobile» арнайы жүйесін қолданып, өз жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетуде.
2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша бірыңғай базада 3,4 млн-нан астам мал басы тіркелген. Биылғы жылға арналған төлдерді сәйкестендіру жоспары 101%-дан аса орындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы облыста 26 блок-модульдік ветеринариялық пункт орнатылып, пайдалануға берілді. Осы жылы тағы 17 блок-модульдік мобильді ветеринариялық пункт сатып алынды. Сонымен қатар биологиялық қалдықтарды жоюға арналған заманауи құрал-жабдық — автоинсинераторлар сатып алынды.
Аталған шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл мал шаруашылығының одан әрі дамуына сенімді негіз қалыптастырады.
2025 жылдың алғашқы жеті айында Жетісу облысында 14 аса қауіпті ауруға қарсы 7,8 млн-нан астам профилактикалық вакцинация жүргізілді. Сонымен қатар, диагностика мақсатында 1,3 млн-нан астам қан сынамасы алынды. Сібір жарасы, пастереллёз, шешек, бруцеллёз, эмкар, түйіндік дерматит және басқа да негізгі жұқпалы аурулар бойынша вакцинациялау деңгейі 100%-ға жуықтады.
2023–2025 жылдар аралығында облыстық бюджеттен ветеринариялық қызметті дамытуға шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Осы кезеңде 72 ветеринариялық пункт салынып, ветеринариялық мамандарға арналған арнайы техника, құрал-жабдықтар мен планшеттер сатып алынды. Жұмыс онлайн және офлайн режимде электрондық жүйелер арқылы жүргізілуде.
Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүйесі де қарқынды дамып келеді: электрондық модуль арқылы 96 сауда және сою нысаны жұмыс істейді, 57 мыңнан астам қорытынды берілді, ал автоматтандырылған жүйе арқылы 38 мыңнан астам ветеринариялық анықтама рәсімделді.
Жыл басынан бері өңірде 5 мыңнан астам иесіз жануар ұсталды. Оның ішінде 4 200-ден астамы эвтаназия әдісімен жойылса, 670-ке жуығы вакцинацияланып, стерилизациядан өткізілді.

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді
Аймақтар

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

2 февраля, 2026
Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді
Құқық

Цифрлық әділет: онлайн-құқықтық көмек бұрынғыдан да қолжетімді

29 января, 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде
Қоғам

Әлеуметтік қолдау шаралары жаңа форматқа көшуде

27 января, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу