ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Медицина

МӘМС жүйесіне енгізілген заңнамалық өзгерістер: азаматтарға тиімді жаңа мүмкіндіктер

31 июля, 2025
МӘМС жүйесіне енгізілген заңнамалық өзгерістер: азаматтарға тиімді жаңа мүмкіндіктер
Share on FacebookShare on Twitter

14 шілде күні Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты Заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер туралы денсаулық сақтау саласының мамандары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдарды есептеу базасының жоғарғы шегі ұлғайтылады. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақы аспайтын сомадан, ал қызметкерлер – 20 ең төменгі жалақыға дейінгі табыстан төлейтін болады.
Мәселен, қазіргі уақытта орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкер ай сайын 6 мың теңге жарна төлейді. Ал 3 миллион теңге табысы бар азаматтың жарнасы небәрі 17 мың теңге немесе табыстың 0,6%-ы көлемінде. Жаңа тәртіп бойынша, 2026 жылдан бастап ең жоғары жарна мөлшері қызметкерлер үшін 34 мың, жұмыс берушілер үшін – 102 мың теңге болады.
Сонымен қатар, мемлекет 2027 жылдан бастап өз тарапынан төлейтін жарнаның мөлшерін кезең-кезеңімен 2037 жылға дейін 4,7%-ға дейін ұлғайтпақ. Бұл азаматтар мен жұмыс берушілерге қосымша жүктеме түсірмей, жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыс деңгейіндегі (Д және Е санаттары) азаматтар да МӘМС жүйесіне қамтылады. Бұл шамамен 1 миллион қазақстандықты қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Жетісу облысында 537 мың адам сақтандырылған. Оның ішінде 392 мыңы – жеңілдік санатындағы азаматтар, яғни мемлекет есебінен жарна төленетіндер. Бұл мемлекет тарапынан әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Бұдан бөлек, азаматтар үшін маңызды тағы бір өзгеріс – жарна төлемеген жағдайда да МӘМС мәртебесін 6 ай бойы сақтау құқығы. Бұрын бұл мерзім 3 айды ғана құрайтын.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу үшін азаматтар ай сайын 4250 теңге (яғни жылына 51 мың теңге) көлемінде жарна төлей алады.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу